Талдықорған қаласының Қоғамдық мүдделерді қорғау бөлімінің аға прокуроры Ақжол Саматұлымен «Құқықтану» мамандығының студенттері арасында «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сана мен адалдық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға аға прокурор жан-жақты әрі нақты жауап беріп, болашақ мамандарға маңызды құқықтық кеңестер берді.

