2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Италия мемлекетінің Генуя қаласында джиу-джитсудан «Grand Prix 2026» халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарыста Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Кенжебай Дарын І орын иеленді.
Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆
Спорттық жолында толағай табыстар мен жаңа биіктер тілейміз!




