«Жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының білім мазмұнының сабақтастығы»

2026 жылғы 13 ақпанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер факультетінде «Жалпы білім беру мектептері мен жоғары оқу орындарының білім мазмұнының сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы білім беру мазмұнының өзара байланысын талдау, оның тиімділігін арттыру және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Дөңгелек үстел жұмысына білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп мұғалімдері, әдіскерлер, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.
Талқылау барысында мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына дайындығы, олардың шығармашылық және дене шынықтыру бағыттары бойынша базалық дағдыларының қалыптасу деңгейі, оқу бағдарламаларының сабақтастығы және білім беру үдерісіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар мектеп пен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен іс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, оқыту мазмұнын жаңартуға және білім алушылардың кәсіби дайындығын арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар әзірленді.

AI Assistant