2026 жылдың 08–14 ақпан аралығында Қарағанды қаласында самбодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Қайратқызы Анель жоғары шеберлік пен табандылық танытып, І орын иеленді.
Жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – үлкен еңбек пен қажырлы дайындықтың нәтижесі. Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, жаңа жеңістерге жете беруіңізге тілектеспіз!





