Семинар «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін»

2026 жылғы 17 ақпанда Заң мен тәртіп қағидаты аясында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің спортшы студенттеріне арналған «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында семинар өткізілді.

Іс-шараның ашылуында алғы сөз сөйлеген университеттің басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Сериев Болат Абдулдаұлы студент-жастар арасында заң талаптарын сақтау мен адал спорт қағидаттарын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ дене шынықтыру және өнер факультетінің деканы Утегенов Ерлан Казбекович кәсіби спорттағы жауапкершілік пен допингке қарсы мәдениеттің рөліне тоқталды.

Семинар барысында:

Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының оқытушы-дәріскері, медицина ғылымдарының кандидаты Галиева Гулмира Базарханова «Допингті анықтау жөніндегі іс-шаралар жүйесі: хабарламадан бастап заңдық фактіге дейін» тақырыбында баяндама жасады;

Спорттық массажист реабелитолог Туризм және спорт министрлігі «Астана олимпиадалық даярлау орталығы» маманы Сагындыкова Эльмира Иембергеновна «Қазіргі спорттағы допингке қарсы бақылау» мәселелері бойынша түсіндірме берді;

Ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жетісу университеті, дене шынықтыру және өнер факультетінің түлегі Седов Сергей Владимирович спортшылардың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Сонымен қатар кездесуге дене шынықтыру және өнер факультетінің білім алушысы Джиу-джитсу спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлемнің чемпионы. Ересектер арасында екі дүркін Азия жеңімпазы. Қ. Р. Чемпионатының бес дүркін жеңімпазы. Сарсенұлы Самат қатысып, спорттағы адалдық пен жауапкершілік туралы өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар қорытындысында студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, допингке қарсы талаптарды сақтау, құқықтық жауапкершілік және таза спорт қағидаттарын ұстану мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған іс-шара студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, допингке қарсы мәдениетті қалыптастыруға және адал бәсекелестік қағидаттарын нығайтуға бағытталды.

AI Assistant