2026 жылғы 12 қаңтар мен 17 ақпан аралығында Шығармашылық білім беру кафедрасы Ескелді ауданы мен Талдықорған қаласының мектептері мен колледждерінің білім алушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Кездесулер барысында қатысушыларға шығармашылық бағыттағы мамандықтар туралы кең көлемді ақпарат ұсынылды: «Музыкалық білім беру», «Көркем еңбек, графика және жобалау», «Дизайн».
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – білім алушыларға болашақ мамандығын өз қабілеттері, қызығушылықтары мен бейімділіктеріне сәйкес саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру.
Кәсіптік бағдар беру кездесулері барысында қатысушылар білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, оқу үдерісінің мазмұны, сондай-ақ шығармашылық бағыттағы қабылдау емтихандарына қойылатын талаптар туралы толық мәлімет алды. Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың кәсіби өзін-өзі айқындауына ықпал етіп, шығармашылық мамандықтарды таңдауға тұрақты мотивация қалыптастыруға мүмкіндік береді.










