2026 жылдың 20 ақпанында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультеті, Шығармашылық білім беру кафедрасында «Домбыра ойнау өнерінің тез ойнау әдісі – сандық әдіс» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.
Семинарды оқытушы-дәріскер Кунтуганова С. М. жүргізді. Іс-шара барысында студенттерге домбырада жылдам әрі дәл ойнаудың сандық (цифрлық) әдісі таныстырылып, саусақ қою, перне нөмірлеу жүйесі және орындаушылық шеберлікті арттыруға арналған практикалық жаттығулар көрсетілді.
Семинардың мақсаты – студенттердің домбыра орындаушылық деңгейін көтеру және заманауи оқыту әдістерін меңгерту.

