Педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция

27.02.2026 ж. физика және математика кафедрасының меңгерушісі Сләмжанова С.С. және практика жетекшілерінің қатысуымен 6В01503- Физика БББ  ФҚ-311 тобының 3 курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Конференция барысында студенттер педагогикалық практика кезінде атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Әр студент өткізген сабақтары, қолданған әдіс-тәсілдері, оқушылармен жұмыс жасау барысындағы жетістіктері мен кездескен қиындықтары туралы баяндады. Сонымен қатар, практика жетекшілері студенттердің жұмысына талдау жасап, олардың кәсіби біліктілігіне баға берді және алдағы уақытта мұғалімдік қызметте қолдануға болатын құнды ұсыныстар айтты.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Сләмжанова С.С. студенттердің педагогикалық практикадан алған тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына сәттілік тіледі. Конференция қорытындысы бойынша үздік тәжірибе көрсеткен студенттер атап өтіліп, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

AI Assistant