2026 жылдың 26–28 ақпан күндері Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан жабық кешенде U-23 жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Омар Айбол – 1500 м қашықтықта І орын
🥇 Омар Айбол – 3000 м қашықтықта І орын
🥈 Болатбекқызы Айана – 1500 м қашықтықта ІІ орын
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шын жүректен құттықтаймыз! Спорттық биіктерді бағындырып, ел абыройын асқақтата беріңіздер!





