Мерейтойынызбен құттықтаймыз!

🎉 Дене шынықтыру және өнер факультетінде дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Баженова Эльмира Даулетхановнаның 50 жас мерейтойына арналған салтанатты құттықтау кеші өткізілді.

Мерекелік шара барысында әріптестері мен студенттері мерейтой иесіне ізгі тілектерін білдіріп, еңбегіне алғыс айтып, құрмет көрсетті. Кеш барысында жылы лебіздер айтылып, мерейтой иесінің ғылым мен білім саласындағы еңбегі ерекше аталып өтті.

Эльмира Даулетхановнаға зор денсаулық, шығармашылық табыс және алдағы уақытта жаңа жетістіктер тілейміз!

AI Assistant