2026 жылдың 12 наурыз күні МҚ 111, МП 111 топтарында «Мәдениеттану» пәні бойынша 11:25–12:15 аралығында «Түріктердің мәдени ескерткіштері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.
Ашық сабақ жаңартылған білім беру жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырылды. Сабақ барысында білімгерлер топтарға бөлініп, түрлі интерактивті тапсырмалар орындады. Оқыту үдерісінде STEM және CLIL технологиялары негізінде заманауи цифрлық платформалар қолданылды. Атап айтқанда, quiz, LearningApps, Kahoot, Nearpod сияқты инновациялық оқыту құралдары пайдаланылып, білімгерлердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Ашық сабақты «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының» оқытушы-дәріскері, PhD Б.Т. Калиева жүргізді. Сабақ қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді, бұл білімгерлердің көптілді ортада білім алуына және пәнді жан-жақты меңгеруіне ықпал етті.



