Психологиялық және педагогикалық практика (педагогикалық практика)

13.03.2026 ж. физика және математика кафедрасының меңгерушісі Сләмжанова С.С. және практика жетекшілерінің қатысуымен 6В01503- Физика БББ  ФҚ(IP)-211, ФП(IP)-211, ФР(IP)-211 тобының 2 курс студенттеріне арналған психологиялық және педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция өткізілді.

Конференция барысында студенттер психологиялық және педагогикалық практика кезінде атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.  Сонымен қатар, практика жетекшілері студенттердің жұмысына талдау жасап, олардың кәсіби біліктілігіне баға берді және алдағы уақытта мұғалімдік қызметте қолдануға болатын құнды ұсыныстар айтты.

Іс-шара соңында кафедра меңгерушісі Сләмжанова С.С. студенттердің психологиялық және педагогикалық практикадан алған тәжірибесінің маңыздылығын атап өтіп, болашақ маман ретінде қалыптасуына сәттілік тіледі. Конференция қорытындысы бойынша үздік тәжірибе көрсеткен студенттер атап өтіліп, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.

AI Assistant