⚜️І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі кеңес мүшелері Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өткізді.
⚜️Кездесу барысында академиялық адалдық қағидалары, білім беру үдерісіндегі ашықтық пен әділдік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
⚜️Жиын барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстар білдіріп, білім беру саласында адалдық пен жауапкершілікті арттыру бағытында бірлескен жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

