«Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

⚜️І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөніндегі кеңес мүшелері Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттерімен кездесу өткізді.

⚜️Аталған кездесудің негізгі мақсаты – студенттер арасында академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды. ⚜️Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кеңес мүшелері тарапынан нақты мысалдар келтіріліп, күнделікті өмірде заң талаптарын сақтау мен адалдық қағидаларын ұстанудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

AI Assistant