20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамы «Қазақтың ұлттық ойындары – рухани қазына» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні мен рухани маңызы кеңінен насихатталды.

