«Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің «Музыкалық білім» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Мұғалім кәсібіне кіріспе (педагогикалық практика)» бойынша бағыттау конференциясы өткізілді.

Аталған конференцияның негізгі мақсаты – студенттерді педагогикалық практиканың мазмұнымен, мақсат-міндеттерімен таныстыру, болашақ мұғалім мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру және алғашқы кәсіби бағдар беру болды.

Конференция барысында студенттерге педагогикалық практиканың кезеңдері, оны ұйымдастыру тәртібі, білім беру мекемелеріндегі жұмыс ерекшеліктері туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, болашақ мұғалімге қойылатын талаптар, кәсіби этика, оқушылармен қарым-қатынас мәдениеті және сабақ өткізу барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер жайлы түсіндірілді.

AI Assistant