2026 жылдың 27–29 наурыз күндері Алматы қаласында шосседе спорттық жүрістен және ұзын қашықтыққа жүгіруден қысқы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған беделді додада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
Болатбекқызы Айана — 10 км қашықтыққа жүгіруден І орын 🥇
Тумарбекова Дагара — 5 км қашықтыққа жүгіруден ІІІ орын 🥉
Бұл жетістіктер спортшылардың тынымсыз еңбегі мен табандылығының нәтижесі. Алдағы жарыстарда да жеңісті күндеріңіз көп болсын!



