2026 жылы 1-сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылыми кеңесінде Басқарма төрағасы-Ректор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан үлесі, ұлтымыздың болашағы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білікті жас мамандар дайындаудағы ерен еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Есимбекова Динара Болатқызын қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының құрмет грамотасымен марапаттады. Марапат иесіне құттықтау сөзі айтылып, гүлшоғы табысталды.

