«Таза Қазақстан»

Дене шынықтыру және өнер факультетінің профессор-оқытушы құрамы мен студенттері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық сенбілігі аясында қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мақсатында белсенді түрде атсалысты. Сенбілікке қатысушылар туған жердің тазалығы әр азаматтың жауапкершілігі екенін сезініп, бірлесе еңбек етудің үлгісін көрсетті. Осындай игі бастамалар арқылы экологиялық сана қалыптасып, қоғамда тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілік арта түсетіні сөзсіз.

AI Assistant