Халықаралық жоба аясында Цюрих университетіндегі ғылыми-зерттеу тағылымдама

2026 жылғы 1 наурыз және 1 сәуір аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, философия ғылымдарының кандидаты Рахипова Сайра Қасымқызы Цюрих университетінде халықаралық ғылыми-зерттеу тағылымдамада болды.

Бұл іссапар «Non-Western Migration Regimes in a Global Perspective» («Ғаламдық перспективадағы батыстық емес көші-қон режимдері») халықаралық жобасы аясында Цюрих университетінің Өнер және әлеуметтік ғылымдар факультетінің Әлеуметтік антропология және мәдени зерттеулер департаментінде (ISEK) ұйымдастырылды.

Тағылымдама барысында Сайра Қасымқызы ғылыми-зерттеу іс-шаралар мен академиялық семинарларға қатысты, антропологиялық және миграциялық зерттеулер саласындағы кәсіби біліктілігін арттырды. Алынған тәжірибе заманауи әдістемелік тәсілдерді терең түсінуге, пәнаралық ортада жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және алдыңғы қатарлы зерттеу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар аталған тағылымдама шетелдік зерттеушілермен жаңа кәсіби байланыстар орнатуға, бірлескен жобалар мен болашақтағы өзара әрекеттестік бағыттары талқылауға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосты.

AI Assistant