«Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері»

Физика-математика факультетінде 2026 жылғы 10 сәуірде Ғылым декадасы аясында «Идеядан зерттеуге дейін: студенттік ғылымның жаңа көкжиектері» атты ғылыми семинар және «Science Battle: Ғалым болуға бір қадам» инновациялық және ғылыми идеялар хакатоны жеңімпаздарын және ғылыми жетекшілерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, олардың инновациялық ойлау қабілетін дамыту және ғылыми бастамаларын қолдау болды. Семинар барысында студенттік ғылымның өзекті бағыттары талқыланып, ғылыми жобаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың тиімді жолдары қарастырылды.