Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Жансүгіров университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Аңсабаев Дүйсен Сандыбайұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Бұл — ғалым-ұстаздың шығармашылық жолындағы айтулы белес, әдебиет пен руханиятқа қосқан сүбелі үлесінің лайықты бағалануы.

Дүйсен Сандыбайұлы – ұлт сөз өнерінің қадір-қасиетін терең түсініп, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан білікті маман. Оның ғылыми ізденістері мен әдеби туындылары ұлттық әдебиетіміздің көкжиегін кеңейтіп, қазақ сөз өнерінің көркемдік қуатын жаңа қырынан танытуға қызмет етуде. Дүйсен Сандыбайұлы қаламгерлік қарымын одан әрі шыңдап, ұлттық әдебиетіміздің дамуына тың серпін беретініне сеніміміз мол. Әріптестері мен шәкірттері оның бұл жетістігін зор қуанышпен қабыл алып, шығармашылық шабыт пен жаңа табыстар тілейді.

AI Assistant