Дипломдық жұмыстың алдын-ала қорғау

14.04.2026 ж. Физика және математика кафедрасының 6В01503 – «Физика» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері Жанар Рая, Жаңбырбай Жанель, Байболат Бағлан және Төлепбергенова Қарақаттың дипломдық жұмыстарының алдын ала қорғауы өтті.

Аталған іс-шараға кафедра меңгерушісі Сләмжанова С., оқытушы-дәріскерлер Абдулаева А.Б. және Куатбаева Д.Е. қатысты. Алдын ала қорғау барысында студенттер өздерінің дипломдық жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, зерттеу әдістерін және қол жеткізген нәтижелерін таныстырды.

Комиссия мүшелері студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына оң бағаларын беріп, тақырыптардың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар, дипломдық жұмыстарды жетілдіру мақсатында мазмұндық және техникалық тұрғыда бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтты. Оқытушылар студенттерге ғылыми жұмысты рәсімдеу, баяндаманы жүйелі жеткізу және қорытынды бөлімді нақтылау бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Іс-шара студенттердің кәсіби даярлығын арттыруға және негізгі қорғауға сапалы дайындалуына мүмкіндік берді.

AI Assistant