



І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану-техникалық факультетіне қарасты экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасына сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында PhD докторы Марко Фиорентини келді.
Ғалым «From the development of research questions to the dissemination and publication of results» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында ғылыми бағытты дұрыс таңдау мәселелері, агротехнологиялық инновацияларды енгізу жолдары, сондай-ақ жасанды интеллект пен деректерді талдаудың аграрлық сектордағы рөлі кеңінен талқыланды.
Қатысушылар заманауи зерттеу бағыттарын айқындау, ғылыми нәтижелердің практикалық маңызын арттыру және цифрлық технологияларды ауыл шаруашылығына тиімді енгізу мәселелері бойынша пікір алмасты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

