





Гуманитарлық факультетте «Таза сессия» акциясы өткізілді.
Негізгі мақсаты − емтихан кезеңінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және студенттердің құқықтық санасы мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру. Акция академиялық адалдықты сақтауға, жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік атмосферасын орнатуға бағытталған.
Акция барысында «Өмір — бумеранг» атты шағын қойылым ұсынылды. Бұл қойылым барысында өрбіген оқиғалар желісі студенттерге ой салып, өмірлік сабақ алуларына ықпал етті.
#SDG #ЦУР #ТДМ

