ХАБАРЛАНДЫРУ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2026 жылғы 27 сәуірде Халықаралық еріктілер жылы аясында «Айналайын» балаларды қолдау орталығы мен университет арасындағы достық қарым-қатынастың 11 жылдығына орай «Шын жүректен…» атты ізгілік іс-шарасы өтеді.

«Шын жүректен…» атты ізгілік іс-шарасы мақсаты – қоғамда қайырымдылық мәдениетін насихаттау, балаларға мейірім мен қамқорлық көрсету арқылы әлеуметтік жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ университет ұжымы мен «Айналайын» балаларды қолдау орталығы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Іс-шара барысында сыйлық бұрышында «Айналайын» балаларды қолдау орталығы тәрбиеленушілері үшін сыйлықтар қабылданады.

Уақыты: сағат 16:00

Өтетін орны: І. Жансүгіров атындағы ЖУ бас оқу ғимараты, Айдын Аимбетов атындағы дәріс залы

Баршаңызды мейірім мен жылылыққа толы мерекелік кешке шақырамыз!

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі:  87012899569

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant