Жастар орталығы кабинетінің ашылуы

Жетісу университетінде студент жастарға арналған жаңғыртудан өткен заманауи жастар орталығының кабинеті қолданысқа берілді. Кабинет заманауи дизайнмен безендіріліп, соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталды.

Кабинеттің ашылу салтанатында ректор Ермек Бөрібаев сөз сөйлеп, орталықтың жастар үшін маңыздылығын атап өтсе, ардагер ұстаздар ақ батасын берді.

Салтанатты шараға белсенді студенттер де қатысып, жаңа орталықтың мүмкіндіктерімен танысты. Бұл игі іс жастардың білімін жетілдіріп, олардың бастамалары мен жобаларын жүзеге асыруға үлкен серпін беретіні сөзсіз.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant