30 сәуір күні Филология білім беру бағдарламасы 4-курс студенттерінің өндірістік практика бойынша қорытынды конференция өтті.
Конференция барысында білім алушылар практика кезеңінде атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді, жазған мақалалары мен бейнематериалдарын таныстырды.
Қорғау кезінде комиссия мүшелері студенттердің жұмыстарына қатысты сұрақтар қойып, тиісті талқылаулар жүргізді.
Қорытынды конференция нәтижесінде студенттердің өндірістік практика барысында теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра алғаны және кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі анықталды.




