























4 мамыр 2026 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті құқық және экономика факультетінің құқықтық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Құқық саласындағы мамандарды дайындаудың жаңа үрдістері мен талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры Галия Кыдырбаева жүргізді.
Кездесу барысында құқық қорғау саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлаудың заманауи талаптарды ескере отырып, «Құқықтану», «Халықаралық құқық» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламаларын жаңғырту мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмысына Жетісу облыстық прокуратырасы прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Қазақстан Республикасы сот әкімшілігінің Жетісу облысы бойынша департаменті, Жетісу облысы Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасына, Алматы қаласының полиция департаменті, Жетісу облысы Ескелді аудандық соты, Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы, Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Жетісу облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жетісу облысы бойынша өкілі, Жетісу облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы, Жетісу облыстық нотариаттық палатасы, Жетісу облыстық адвокаттар алқасы, Жетісу облысы бойынша заң консультанттары палатасы, Жетісу облысының Қазақстан Республикасының Қызыл Ай қоғамдық бірлестігінің өкілдері, тәжірибелі мамандар және университет оқытушылары қатысты.
Қатысушылар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді айқындап, студенттердің жұмысқа ораласу, практикалық бағыттағы даярлығын күшейту, түлектердің кәсіби білімдерін кеңейту бойынша нақты ұсыныстар енгізді.
Айтылған ұсыныстар мен пікірлер кафедраның білім беру бағдарламаларын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен өзара ынтымақтастықты нығайтуға негіз болатыны сөзсіз.
Құқықтық білім беруді дамытуға бағытталған мазмұнды диалог алаңында қатысушылар болашақ заңгерлерге қойылатын талаптары туралы жан-жақты ақпараттар беріп, бітіруші түлектердің түйіндемелерін алып, сауалнамаға жауап берді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

