2026 жылдың 12 мамырында Тіл сарайында «Мұхамеджан Тынышбайұлы және Алаш мемлекеті: Ұлттық қазына мен тарихи мұра» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында Алаш қозғалысы қайраткерлерінің тарихи мұрасын зерттеу және ұлттық тарихтағы орны кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстелде Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, тарих ғылымдарының кандидаты Сантаева Күлімкөз Теңізбайқызы «М. Тынышбаевтың 1916 жылғы көтеріліс жылдарындағы қызметі» тақырыбында баяндама жасап, сол кезеңдегі тарихи оқиғалардағы оның рөліне жан-жақты тоқталды.




