7М01502 «Физика» ББ бойынша магистранттардың республикалық ҒЗЖ конкурсы – II кезең

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында 7М01502 «Физика» (М011 – Физика педагогтерін даярлау) білім беру бағдарламасы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңі өтті.

Конкурсқа еліміздің 10 жоғары оқу орнынан 13 ғылыми жетекшінің жетекшілігімен дайындалған 19 магистранттың 17 ғылыми-зерттеу жұмысы ұсынылды.

Конкурстық комиссия отырысы барысында ұсынылған ғылыми жұмыстар жан-жақты қарастырылып, сараптамалық бағалау жүргізілді.

Бағалау нәтижесінде өзектілігімен, ғылыми жаңашылдығымен және практикалық маңыздылығымен ерекшеленген үздік ғылыми-зерттеу жұмыстары анықталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant