2026 жылғы 10 маусымда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Калиева Бекзат Тынысбековна, Буланов Ержан Олжабаевич, Каратаева Динара Галымбаевна, Калелова Жадыра Уатаевна Талдықорған қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №19 орта мектептің тарих пәндерінің мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында университеттің магистратура деңгейіндегі білім беру бағдарламалары, сонымен қатар 7М01601-Тарих ББ таныстырылып, педагог қызметкерлерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім алудың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Іс-шара барысында магистратураға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламаларының мазмұны, оқу үдерісінің ерекшеліктері, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, гранттар мен оқу ақысы мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, магистрлік білімнің кәсіби және ғылыми дамудағы маңызы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды. Кездесу педагогтердің магистратурада білімін жетілдіруге деген қызығушылығын арттырып, университет пен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.




