





AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграция тәжірибелері (Жетісу облысы мысалында)» ғылыми жобасының зерттеу тобы 2026 жылғы 16-19 маусым аралығында Астана қаласындағы Nazarbayev University-де «(Re)Thinking Central Eurasia: Space, Societies, and Power» тақырыбындағы CESS-2026 халықаралық конференцияға қатысты.
Конференция аясында жоба бойынша «Ethnic repatriation as migration: revisiting return and integration in Kazakhstan» тақырыбында арнайы панель ұйымдастырылды. Панелдік сессия модераторы, жоба жетекшісі Н. Байгабатова болды. Ғылыми қызметкерлер Д. Нұрмуханқызы, Г. Ишкалова және А. Абызова өз зерттеулерінің аралық нәтижелерімен таныстырды. Баяндамаларда Қазақстан Респубдикасының көші-қон саясаты, қазақ репатрианттардың құқықтық және әлеуметтік қолдау мәселелері, еңбек нарығына кірігуі, сондай-ақ олардың әлеуметтік желілердегі бейімделу нарративтері талқыланды. Панель дискуссанты Ш. Ералиев (Лунд университеті, Швеция) әр тақырып бойынша талдау жасап, өзіндік құнды пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ сессияға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, баяндамашылар жан-жақты жауаптар берді. Нәтижесінде мазмұнды ғылыми пікірталас өрбіп, жоба аясындағы болашақ зерттеулердің бағыттары мен перспективалары айқындалды.
CESS-2026 конференциясында 106 панель жұмыс жасады. Жетісу университеті ғалымдары Орталық Еуразия кеңістігіндегі көші-қон, әлеуметтік трансформациялар, билік қатынастары және өңірлік даму мәселелеріне арналған өзекті ғылыми пікірталастарға қатысты, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасып, болашақ ғылыми ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Бұл конференция Орталық Еуразияны зерттеумен айналысатын 500-ден астам ғалымның басын қосқан маңызды халықаралық ғылыми алаң болды. Мұндай халықаралық ғылыми іс-шаралар отандық зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттыруға және Қазақстан ғылымының халықаралық академиялық кеңістікпен ықпалдасуын нығайтады.
Конференция туралы толығырақ https://centraleurasia.org/
#SDG #ЦУР #ТДМ





