ЖЕҢІМПАЗДЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026–2028 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсының қорытындысы жарияланды.

Аталған конкурс нәтижесінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушы-ассистенті, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Қуаныш Жақпаев «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша жеңімпаз атанды. Ғалымның «Жасанды интеллект негізіндегі адаптивті оқыту жүйелерін болашақ физика мұғалімдерін даярлауда пайдалану мүмкіндіктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы 2026–2028 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға ие болды.

Әріптесімізді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс – оның жоғары ғылыми әлеуеті мен кәсіби біліктілігінің, ғылыми ізденісі мен жауапкершілігі әрі табанды еңбегінің нәтижесі.

Жетісу университеті ғалымдарының жетістіктері оқу орнымыздың ғылыми әлеуетін арттырып, академиялық беделін нығайтуға, сондай-ақ ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа бағыттарын дамытуға елеулі үлес қосуда.

Қуаныш Раимбекұлына зерттеу жобасын табысты жүзеге асырып, ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруына, тың жаңалықтар мен толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

#SDG #ЦУР #ТДМ