







І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 8D01503 – Биология білім беру бағдарламасының докторанттары Қуаныш Шалабаева мен Айгуль Акылбекова 2026 жылдың 1 шілдесі мен 1 тамыз аралығында Словакия Республикасының Жилин университетінде халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында докторанттар Жилин университетінің ғылыми-академиялық ортасында шетелдік ғылыми кеңесшілермен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, диссертациялық зерттеу бағыттары бойынша ғылыми тәжірибе алмасты. Шетелдік ғылыми кеңесшілермен бірлескен жұмыс барысында диссертациялық зерттеулердің негізгі бағыттары талқыланып, зерттеу әдістемесі мен ғылыми жұмыстардың орындалу жолдарына талдау жасалды.
Тағылымдама кезеңінде докторанттар диссертациялық зерттеу жұмыстарына қажетті ғылыми материалдар, зерттеу тақырыптарына сәйкес ғылыми деректер мен ақпараттар жинады. Сонымен қатар, диссертациялық зерттеулердің мазмұны талданып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.
Докторант Қ.Шалабаева мен А. Ақылбековаға тағылымдама бағдарламасын толық меңгергені үшін (72 сағат) халықаралық ғылыми тағылымдамадан өткені туралы сертификат берілді.
Жилин университетіндегі ғылыми тағылымдама Қазақстан мен Словакия арасындағы ғылыми-академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, шетелдік ғылыми кеңесшілермен бірлесіп жұмыс жүргізуге, қажетті ғылыми материалдар жинақтауға, докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыруға және диссертациялық жұмыстардың сапалы орындалуына мүмкіндік берді.
Докторанттардың ғылыми жетекшісі жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Данагүл Мукашева. Шетелдік ғылыми кеңесшілері: Martina Haas, PhD, қауымдастырылған профессор, Marian Janiga, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
#SDG #ЦУР #ТДМ

