Жетісу университеті халықаралық Access бағдарламасының қатысушысы атанды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы English Access Scholarship Program халықаралық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру құқығына ие болды.
Бағдарлама АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен және ағылшын тілі оқытушыларының KazTEA қауымдастығымен бірлесіп жүзеге асырылады.
Бағдарлама нұсқаушылары ретінде Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының оқытушылары Асылжан Есимбекова және Самал Дюсебаева іріктеуден сәтті өтті.
Бағдарлама шеңберінде олар қатысушылардың тілдік, мәдениетаралық, әлеуметтік және цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған сабақтар өткізеді.
18 ай бойы студенттер ағылшын тілін жетілдіріп, цифрлық және медиасауаттылық дағдыларын дамытып, АҚШ мәдениетімен танысады және әлеуметтік жобаларға қатысады.
Access бағдарламасы студенттердің тілдік, академиялық және кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер ашып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Конкурстық іріктеу шарттары жақын арада жарияланады.

#SDG #ЦУР #ТДМ