











































І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1-курс білім алушыларын студенттер қатарына қабылдауға арналған «Freshman Party: Jetysu Style» атты мерекелік кеш өтті.
Салтанатты шара барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Бөрібаев студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, университет туын табыстады.
«Бүгін сіздер үшін ерекше күн. Университет табалдырығын аттап, үлкен студенттік өмірге қадам басып отырсыздар. Алдарыңызда үлкен мақсат пен жаңа мүмкіндіктерге толы маңызды кезең тұр. Білім алып, өз қабілеттеріңізді шыңдап, білікті маман болыңыздар. Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын!» – деді Ермек Әбілтайұлы.
1 курс студенттері атынан Сейтбек Нұрсұлтан мен Қуандыкова Ұлболсын студенттік ант қабылдады.
Салтанатты шараға «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Амангелді Есбай қатысып, ізгі тілегін білдірді.
«Жастар – еліміздің жарқын болашағы. Әділетті қоғам құру жолында білімді, белсенді әрі жауапты азамат болу – әрқайсыңыздың міндетіңіз. Студенттік жылдарыңызда қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, ел дамуына өз үлестеріңізді қосыңыздар!» – деді партия төрағасы.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен және би кешімен жалғасты.
#SDG #ЦУР #ТДМ

