23 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінде ТҚҚ-311 (IP)тобы студенттерінің қатысуымен «Заманауи әлемдегі экстремизм мен лаңкестік: қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілік» тақырыбында кураторлық сағат өтілді.
Іс-шараны эдвайзер Қаратаева Динара Ғалымбаевна ұйымдастырды.

Кураторлық сағат барысында экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу, қауіпсіз қоғам қалыптастыру, құқықтық жауапкершілікті түсіну және жастардың саналы шешім қабылдауы мәселелері талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау, радикалды идеологияның ықпалына түспеу және ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөнінде түсініктер берілді.
Іс-шара аясында «Бостандықтан айырған батырма»деректі фильмі көрсетіліп, студенттер фильм мазмұны бойынша өз пікірлері мен ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында жастардың қоғамдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтаудағы жауапкершілігі атап өтіліп, құқықтық сауаттылық пен саналы азаматтық ұстанымның маңызына назар аударылды.



