«Президенттік тест» спорттық жарысы өтті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер арасында жазғы «Президенттік тест» спорттық жарысы ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене дайындығын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту және қатысушылардың спорттық шеберлігін арттыру.

Жарысқа университеттің әр факультетінен 120 профессор-оқытушы, қызметкер және студент қатысты.

Жарыс бағдарламасы аясында профессор-оқытушылар құрамы арасында ерлер 3000 метр, әйелдер 2000 метр, ал студенттер арасында ұлдар 3000 метр, қыздар 2000 метр және ұлдар мен қыздар арасында 100 метрге жүгіру бойынша бәсекелер өтті.

#ЦУР #SDG #ТДМ