

















І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студент жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, этносаралық өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ «өшпенділік тілінің» алдын алу мақсатында «Құқық. Диалог. Медиа. Құрмет» атты зияткерлік квест өтті.
Іс-шара барысында жастар түрлі жағдаяттарды талдап, командалық тапсырмаларды орындау арқылы білімдері мен практикалық дағдыларын шыңдады.
Зияткерлік квестке университет студенттері мен Zhansugurov College білім алушыларынан құралған командалар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша университет атынан:
І орын «Алаш» командасы,
ІІ орын «Жеті жарғы» командасы,
ІІІ орын «Фемида» командасы иеленді.
Ұйымдастырушылар тарапынан:
І орын Zhansugurov College «Самғау» командасы,
ІІ орын «Юстиция» командасы,
ІІІ орын «Алтын Қыран» командасы марапатталды.
Сонымен қатар, «Төрт қағида» командасы белсенді қатысқаны үшін ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хатпен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

