Гуманитарлық факультет, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Ж.У. Калелова Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Білім және Ғылым министірінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 1 қазан – Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күніне және Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы тұлға» атты салтанатты жиын өтті.

Университет қызметкерлерін  Басқарма мүшесі – әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев құттықтап, білім беру жүйесін дамытуға үлес қосып, кәсіби міндеттерін абыроймен атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге университет ректорының және  Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының, Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу»  жергілікті кәсіподағының  Құрмет грамотасы мен  Алғыс хатын табыстады.

Аталған марапаттардың ішінде Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Ж.У. Калелова Қазақстан Республикасының жоғары білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қоса отырып, өркендеу жолында атқарған абыройлы еңбегі мен адал қызметі үшін Қазақстан Республикасы Жоғары Білім және Ғылым министірінің Құрмет граматосымен марапатталды. марапатталды.