





Университеттің Психологиялық қызметі мен SANALAB студенттік клубы университетте білім алып жатқан ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттерге психолог пен студенттік клуб тарапынан көрсетілетін психологиялық қолдау туралы ақпарат берілді. Тіркеу офисінің директоры Н. Жанатбекова электрондық журналды пайдалану, емтихан түрлері және тапсырмаларды Smart-журналға дұрыс жүктеу тәртібін түсіндірді.
Кітапхана қызметкерлері «Оқитын ұлт» республикалық марафоны туралы айтып, студенттерге қызықты кітаптарды ұсынды.
SANALAB клубының жетекшісі Айым Ахметхан университетке алғаш түскен кезеңіндегі қиындықтары, күмәндары, ортаға бейімделуі және дағдарысты еңсеру тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында психолог Г. Исламжанова, еріктілер Бекжан мен Амина интеллектуалдық ойындар мен тренингтер өткізіп, студенттерді толғандыратын мәселелер мен қиындықтарды талқылады. Кездесу шеберлік сағатымен жалғасып, белсенді қатысушыларға шағын сыйлықтар табысталды.
Бірге сөйлесеміз, бірге үйренеміз, бірге дамимыз!
#SDG #ТДМ #ЦУР

