Құнды жәдігерлер мұражайға табысталды

Көрнекті  ілиястанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Мубыракханұлы Иманғазинов Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға ақынның жары Фатима Ғабитоваға қатысты бірнеше құнды жәдігерлерді табыстады. Осынау тарихи сәтке куә болған студенттер тағылымды дәріс тыңдап, сұрақтарына жауап алды.