2026 жылғы 21 қыркүйек пен 2027 жылғы 12 ақпан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының «Тарих және қоғамтану» (IP) білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлері Болат Жансая, Есболатова Балғын және Сейілхан Тоғжан Түркия Республикасындағы Niğde Ömer Halisdemir University университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білімгерлердің кәсіби және академиялық әлеуетін арттыруға, халықаралық білім беру кеңістігінде тәжірибе жинақтауына және өзге елдің білім беру жүйесімен танысуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бағдарлама білімгерлердің ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, дүниетанымын кеңейтуге, мәдениетаралық қарым-қатынас орнатуына және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Халықаралық академиялық ұтқырлық – білім сапасын арттыруға, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыруға және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды бастама.
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің білімгерлеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сәттілік тілейміз! Шетелде жинақтаған тәжірибелері кәсіби дамуына серпін беріп, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлес қосады деп сенеміз.

