2026 жылдың 22 қазанында университеттің 4-курс студенттерінің қатысуымен «Кітап оқитын ұлт» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру, кітаптың адам өміріндегі және қоғам дамуындағы маңызын насихаттау.
Іс-шара барысында кітап оқудың пайдасы, оның тұлғаның интеллектуалдық және рухани дамуына әсері туралы айтылды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, оқыған кітаптары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар кітаптың білім көзі ретіндегі рөлі мен жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы талқыланды.
Іс-шара барысында пікір алмасу, сұрақ-жауап және ой бөлісу әдістері қолданылды. Студенттер белсенділік танытып, кітап оқудың қоғамдағы орны туралы өз көзқарастарын білдірді.
Қорытынды: Іс-шара өз мақсатына жетті. Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.



