Магистранттардың педагогикалық практикасының қорытындысы

2026 жылғы 3 қарашада «7М01501 – Математика» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша есептерін тыңдауға арналған қорытынды конференция өтті.

Педагогикалық практиканың мақсаты – теориялық білімді бекіту, кәсіби және зерттеушілік құзыреттерді дамыту, оқу сабақтарын жоспарлау мен өткізу дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ математикалық пәндерді оқытуда заманауи білім беру технологияларын қолдану.

Магистранттардың есептерін: физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі С. С. Сләмжанова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. М. Сеитова, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Р. Тасболатова, философия докторы (PhD), оқытушы-дәріскер Е. Н. Гавриловатыңдады.

Конференция барысында магистранттар атқарған жұмыстарының нәтижелерін таныстырып, жинақтаған тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар әзірлеген оқу-әдістемелік материалдарын көрсетіп, қолданған оқыту әдістері туралы баяндады. Цифрлық ресурстарды, заманауи педагогикалық технологияларды және білім алушыларға жеке тәсілді қолдануға ерекше назар аударылды.

Практика қорытындысы бойынша магистранттар кәсіби педагогикалық қызметке дайын екендерін көрсетті, оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша құнды тәжірибе жинақтады және алдағы кәсіби дамуына арналған ұсыныстар алды.