














2026 жылғы 4 қараша күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде студенттер арасында Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогына арналған еркін күрестен жарыс өтті.
Жарысқа университеттің 6 факультеті мен колледжінен барлығы 60 студент қатысып, түрлі салмақ дәрежелері бойынша өзара бақ сынады.
Жарысқа Еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Атланта Олимпиадасынын қола жүлдегері, Ж. Үшкемпиров атындағы Олимпиадалық резервтік облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің басшысы Маулен Мамыров қатысып, студенттерге сәттілік тіледі.
ЖАЛПЫ КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕПТЕ:
І орынды – Жаратылыстану-техникалық факультеті
ІІ орынды – Құқық және экономика факультеті
ІІІ орынды – Жетісу университетінің колледжі иеленді.
Жүлделі орындарға ие болған командалар мен үздік нәтиже көрсеткен студенттер Басқарма Төрағасы – Ректор Кубогымен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

