2026 жылғы 11 қарашада І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында Талдықорған қаласы Ынтымақ ауылы №30 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жұмәділ Қаламқас Есетқызының ұйымдастыруымен «Тарихи комикс арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.
📖 Семинар барысында тарих сабақтарында тарихи комикстерді қолданудың тиімді жолдары, оқушылардың тарихи ақпаратты талдау, салыстыру, сыни ойлау және дәлелді шешім қабылдау дағдыларын дамыту мүмкіндіктері таныстырылды. Сонымен қатар жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен тарихи оқиғаларды визуализациялау, комикс құрастыру және оларды білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдары көрсетілді.
Практикалық бөлімде қатысушылар ежелгі адамдардың өміріне негізделген тарихи комикстермен жұмыс жасап, түрлі жағдаяттарды талдады, тарихи деректерге сүйене отырып шешім қабылдау және өз пікірін дәлелдеу тапсырмаларын орындады. Тарихи комикстің оқушыны дайын ақпаратты қабылдаушыдан белсенді зерттеушіге айналдырудағы маңызы талқыланды.
✨ Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, тарих пәнін оқытуда заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану туралы пікір бөлісті. Іс-шара оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған инновациялық әдістерді тәжірибеде қолдануға және болашақ педагогтердің әдістемелік құзыреттілігін дамытуға арналды.


