























Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай «#BizStudentter» атты мерекелік кеш өтті.
Салтанатты кеште университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев студенттерді құттықтап, жастық шақтың адам өміріндегі ерекше кезең екенін атап өтті.
«Студенттік шақ – жастық жігермен, мойымас қажыр-қайратпен, алғыр әрекетімен адамның есінде мәңгі сақталатын ерекше кезең. Жастық шақта алған білім адамның бойына терең сіңіп, өмір бойғы серігіне айналады», – деп жастарды білімге, ізденіске және өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырды.
Кеш аясында университеттің жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді атсалысып, олимпиадаларда, ғылыми жобаларда және түрлі білім сайыстарында жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылар «Үздік Түлек» төсбелгісімен және
Ректордың Алғыс хатымен марапатталды.
Сонымен қатар республикалық және халықаралық деңгейдегі өнер додалары мен байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап жүрген бірқатар студентке 30 000 теңгеден ақшалай сыйақы берілді.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, студенттерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

