2026 жылғы 21 қарашада Астана қаласында «Азияның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауы мен «Жыл студенті – 2026» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері І дәрежелі дипломдармен марапатталды:

Пашаева Валерия Сергеевна – 4-курс студенті, «Азияның үздік студенті – 2026» байқауының жеңімпазы.

Мелисова Амина Аслановна – 3-курс студенті, «Жыл студенті – 2026» байқауының жеңімпазы.

Ғылыми жетекшісі – Абайдельданова Меруерт Кебековна, PhD, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

Студенттерімізді лайықты жеңістерімен құттықтаймыз! Жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз! Жетістіктеріңізбен мақтанамыз!